Қазақстан Республикасында бариатриялық және метаболикалық емдеу туралы ақпарат жинау мақсатында ұлттық тіркеу жүйесі құрылды.

Қазақстанда бариатриялық және метаболикалық хирургия 2020 жылдан бастап ресми түрде жеке мамандық (кәсіп) ретінде танылды. Мұның бәрі бариатриялық хирургтардың міндетті түрде сертификаттаудан өтуін және баратриялық хирургия бойынша есеп беруді талап етеді. Жиналған ақпарат мәселерді анықтауға және шешім қабылдаушыларға хабарлауға, тәжірибелік жұмыстарды жақсартуда және хабардар етуге көмектеседі. Тіркеу ақпараты бариатриялық және метаболикалық хирургияның салдарын түсінуге, зерттеу жұмыстарына көмектесуге және сұрақтарға жауап беру үшін де пайдаланылады.

Бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да семіздік пен семіздікке байланысты сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда, Қазақстанның бариатриялық және метаболикалық хирургтарының республикалық қоғамы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен бариатриялық операцияларды тіркеу, пациенттерді емдеу нәтижелерін және ағымдағы практиканы зерделеу үшін кешенді деректер базасын құру жөніндегі жоба іске асырылды.

Тіркеу жүйесі осы саладағы нарық көшбасшысы Dendrite компаниясымен серіктестікте құрылған. Бұл үздік халықаралық тәжірибе (GCP) негізінде клиникалық жұмыс процесін стандарттауға, сондай-ақ үздік ғылыми тәжірибе (GSP) тұрғысынан ұлттық деңгейде талдау мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бариатриялық хирургия деректер базасы Dendrite өнімдерінің бірі болып табылады, бұл ұлттық деректерді жаһандық есеп беру жүйесімен біріктіруді жеңілдетеді.

Қазақстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының президенті
д.м.н профессор Оспанов О.Б.

Web Registry Powered by Dendrite Clinical Systems Ltd

For registration and technical queries please contact Dendrite:
+44 (0)1491 411288 or per email
national-support@e-dendrite.com